Ал Қызыл тіл,сен бүгін сайра,
Шабытыммен қиялым айда.
Махаббатты жыр еткен,
Көңілдерге гүл еккен.
Пах шіркін 25 қайда?
Көңіл Көңіл көтер,
Күрсінгенше бекер.
Көзіңді ашып жұмғанша,
Жастық шақ өтер.
Жастық шақтың жігері бойда,
Сауық сайран жүретін тойда.
Сезім жайлы ән салған,
Әнмен таңды қарсы алған,
Ай қайран 25 қайда?