Мезглсз махаббат-文本歌词

Мезглсз махаббат-文本歌词

Ерназ Сартаев
发行日期:

Таңым да өзіңсіз атып жүр,

Алтын күн қарайды тау жақтан.

Сыналып жүрген сол сәтім бұл

Сағыныш жанымды жауратқан.

Күнім де өзіңсіз батып жүр,

Шұғыла тарады, назданды.

Жауапты өзгеше сәтім бұл,

Сәл шыда, бақытқа аз қалды.

Мезгіл мен мезгілдің арасын,

Қосқандай сенің көз-қарасың.

Көктемім деуші едім мен сені

Күз болып тоңдырып барасың.

Таң атар, күн батар өзіңсіз

Сен менің музам боп қаласың.

Бақытқа үздігем жол қарап,

Тұрғандай боласың тіл қатып.

Өзіңді құшаққа алмаяқ ақ,

Ойлау да мен үшін бір бақыт.

Тым алыс болсам да мен саған,

Тым жақын жүремін елжіреп.

Аяулы серігін аңсаған,

Аяусыз болды ма бұл жүрек?!