Туан кн-文本歌词

Туан кн-文本歌词

Meirambek Besbayev
发行日期:

Бүгін туған күнім ғой,

Бүгін думан, бүгін той, кел достарым!

Құтты болсын, мерекең,

Мен тілеймін берекең жалғасқанын.

Тірлікте осынау,

Ашық болсын, досым-ау,

мәңгі аспаның!

Самғайық бірге, шырқайық бірге!

Қайырмасы:

Туған күніңменен, құттықтаймыз сені

Туған күніңменен, құттықтаймыз!

Аман болсын, жан-жағың

Орындалсын арманың, тілегің де!

Денсаулығың зор болсын,

Көрер қызық мол болсын, бұл өмірде!

Әніміз жатталсын,

Тілегіміз сақталсын, жүрегіңде!

Жайнасын өмір, сайрасын көңіл!

Орындалсын дегенің

Абыройың, беделің, өсе берсін!

Басыңа бас қосылып,

Жасыңа жас қосылып, еселенсін!

Уақытта алмасып,

Күндерім де жалғасып, көше берсін

Тоқтамай жылдар, таусылмай сырлар...